Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторлары сынақ тапсырды

Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторлары сынақ тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторлары пробация қызметінің жұмысын реттейтің нормативтік- құқықтық актілерді зерделеу бойынша қосымша сабаққа қатысып, сынақ тапсырды.

Пробация қызметі инспекторларының білімін анықтауды мақсат еткен, ауызша түрде қабылданған сынақта, сондай-ақ қылмыс жасауға бейім пробация есебінде тұрған сотталғандарға қолданылатын электронды білезікті қолданудың жұмыс алгоритмі түсіндірілді.

Пробация қызметінің инспекторларынан сынақты қабылдаған Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Альбина Ирмагамбетованың айтуынша, барлық қызметкерлер тапсырмаларды тиісті деңгейде орындап, жоғары білім деңгейін көрсеткен.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар – пробация қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыру үшін маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру