Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторын парамен сатып алғысы келген сотталған ұсталды

Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторын парамен сатып алғысы келген сотталған ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында «тонау» бабы бойынша сотталған 30 жастағы ақтөбелік азаматтың пробация инспекторына пара ұсыну дерегінің жолы кесілді.

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Альбина Ирмағамбетованың айтуынша, пара ұсынған сотталған азамат бұған дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзып келген, яғни бұрын жасаған қылмысы үшін сот белгілеген міндеттерді орындамаған. Дегенмен, жоғарыда айтылған заңсыз әрекеттерді «жасыру» үшін, сондай-ақ өзін бас бостандығынан айырмау мақсатында сотталған пробация қызметкеріне 30 мың теңге сомасында пара бергісі келген.

– Жауап алу барысында сотталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Оның іс- әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы расталған жағдайда, сот жазаны одан әрі өтеу туралы шешім қабылдайтын болады, – деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру