Түркістан облысында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы өтуде
Ағымдағы жылдың 27-29 күндері аралығында облыс көлемінде «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу болып табылады. Осыған байланысты Ордабасы ауданында жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында, күндізгі және түнгі уақыттарда рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар карантин талаптарын сақтай отырып мектептерде қылмыстың алдын алу,оны болдырмау мақсатында Ордабасы АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ КТІЖТ мектеп инспекторлары тарапынан дәрістер өткізілуде. Түнгі сағат 23:00-ден, таңғы сағат 06:00-ге дейін заңды өкілдерінсіз жүрмеу, әсіресе компьютерлік ойынханаларда, кафелерде жүру қатаң түрде тыйым салынатындығы жайлы ескерту жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.