Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ департаменті және ардагерлер кеңесі нәзік жанды қызметкерлерді мерекемен құттықтады

Ақтөбеде ҚАЖ департаменті және ардагерлер кеңесі нәзік жанды қызметкерлерді мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті және саланың ардагерлер кеңесі төрағасының ұйымдастыруымен “Сазды” мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараны ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов, сала ардагерлері мен ҚАЖ қызметіндегі барлық қыз-келіншектерді келе жатқан көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

Бұл күні адал қызметі мен қызметтегі жоғары жетістіктері үшін, сондай-ақ Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты барлығы 30-ға жуық әйел қызметкерлер грамоталармен марапатталды.

Салтанатты іс-шарада ҚАЖ ардагерлер қоғамы ұйымының төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов сала ардагерлеріне бағалы сыйлықтар таратса, ҚАЖ саласында абыроймен қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің жұбайылары да алғыстан қалыс қалмады.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова “Сала имиджін қалыптастыруда үлес қосып, құық қорғау қызметкерлеріне қатысты қоғамда оң көзқарас қалыптастырып келетіні үшін” қала әкімі Асхат Шахаровтын алғыс хатымен марапатталды.

“Ішкі істер органдарында мінсіз қызмет атқарғаны үшін 3 дәрежелі медалімен” Хромтау аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Алтын Акказиева, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Динара Тулеуова, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының пробация қызметі бөлімінің инспектор- психологы Самал Шаденова, КА-168/1 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы Айған Алмагамбетова марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрінің алғыс хатымен КА-168/2 мекемесінің медициналық бөлімінің дәрігер-терапевті Назымгүл Кужамуратова марапатталды. Сондай-ақ, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының грамотасымен Ақтөбе қаласы Астана ауданының пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Жумагуль Ешниязова және Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті төрағасының алғыс хатымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Гүлнар Избагамбетова, КА-168/1 мекемесінің медициналық бөлімінің дәрігер-терапевті Меруерт Тенлибаева марапатталды.

Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру