Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпенің екінші кезеңін алды

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпенің екінші кезеңін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша 100-ден астам ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесінің бірінші және екінші кезеңін алды. Айта кету керек, ҚАЖ департаментіне қарасты 15 аудандағы Пробация қызметкерлері де аталған екпені алуда белсенділік танытып келеді.

Қызметкерлердің денсаулығы екпе салмас бұрын толық тексеріліп, екпе салынған соң дәрігердің бақылауында болды.

– Екпені салдыру – өзіміз үшін де, айналамыздағы адамдардың денсаулығы үшін де маңызды. Жалпы, екпені салдырғаннан кейін ешқандай өзгеріс байқалмады, өзімді бұрынғыша жақсы сезінемін, – дейді Байғанин аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Мейрамбек Бакес.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің медицина қызметінің бастығы Шынболат Даулбаевтың айтуынша, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға екпе егілмейді. Ал денсаулығында кінәраты жоқ қызметкерлер өз еріктерімен осы екпені алуды жалғастыруда. Осы ретте, департаментінің медицина қызметі екпе алуға ниет білдіріп жатқан ҚАЖ қызметкерлерінің саны әлі де өсіп жатқанын айтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру