Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоныс колониясының қызметкерлері мереке күні балаларға балмұздақ таратты

Ақтөбеде қоныс колониясының қызметкерлері мереке күні балаларға балмұздақ таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/3 мекемесі, мекеме қызметкерлерінің қолдауымен “Тәтті балмұздақ” іс-шарасын ұйымдастырып, жақын аумақтағы тұрғын үй жатақханасының ауласында ойнап жүрген балаларға балмұздақтар таратты.

– Іс- шараның мақсаты – мерекеде балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оларды қуанту. Балалар үшін осы атаулы күннің ерекше қуанышқа толы өтуіне атсалысу.
Жалпы, балалар біздің – болашағымыз деп айтамыз. Ендеше, әр сәбидің қуанышты күлкісі біз үшін маңызды. Сондықтан, мекеме қызметкерлерінің қолдауымен мекеме әкімшілігі жыл сайын балалар мерекесінде осындай ауызбіршілікпен балаларға арналған түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырып, сыйлықтар таратуды дәстүрге айналдырып келеді, – дейді КА-168/3 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы Ұлжан Умарова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру