Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандар профилактикалық медициналық тексерістен өтті

Ақтөбеде №8 түзеу мекемесіндегі сотталғандар профилактикалық медициналық тексерістен өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 8 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар медициналық тексерістен өтті. Түзеу мекемесіндегі сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді мақсат еткен профилактикалық іс-шара облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен іске асты.

Еске сала кетсек, “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 шілдедегі №622 Жарлығына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтар айынан бастап, Ақтөбе қаласындағы №8 түзеу мекемесін медициналық қамтамасыз ету №2 қалалық емхананың қарамағына өткен болатын. Осы орайда Денсаулық сақтау басқармасының №1 және №7 қалалық емханасының жылжымалы медициналық кешенінің маман дәрігерлері №8 түзеу мекемесіндегі сотталғандарды профилактикалық медициналық тексеріп, скринингтік тексеруді жүзеге асырды.

Медициналық тексеру кезінде дәрігер-терапевт, дәрігер эндокринолог, дәрігер-хирург операция жасаушы, дәрігер-невропатолог, дәрігер-отоларинголог, ревматолог, окулист, кардиолог, проктолог-уролог, дәрігер-дерматовенеролог, дәрігер-фтизиатр мамандар функционалдық диагностика және ультрадыбыстық зерттеу (ЭКГ аппарат, іш қуысы органдарының УДЗ) арқылы сотталғандарға профилактикалық медициналық тексерістер жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру