Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандарға діни ақпараттарды сенімді дерек көзінен алудың маңыздылығы түсіндірілді

Ақтөбеде сотталғандарға діни ақпараттарды сенімді дерек көзінен алудың маңыздылығы түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі бекітілген меморандум аясында, қалалық «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-мен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға «Діни ақпаратты сенімді дерек көздерінен алу» тақырыбында дәріс жүргізді.

Дәріс кезінде «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың» теолог маманы Нұрхан Дюсембаев, діни экстремизм тақырыбына терең тоқтала келіп, сотталғандарды әлеуметтік желілерде дін турасында кездесетін түсініксіз ақпараттарға барынша жоламауды, жіті түсінбеген ақпаратқа «ұнайды» белгісін баспауға, сондай- ақ «сақтап алмауға» шақырды. Себебі, теолог маманның айтуынша, түсініксіз болған ақпараттарда діни экстремизмді және терроризмді насихаттау кездесуі мүмкін. Бұған қоса, мұндай ақпараттарды әлеуметтік желідегі парақшаларда қаралымды көбейту мақсатында оқырманды сендіретіндей эмоцияға толы қылып, «мұсылмандарға қарсы шығып жатыр» деген ой тудыратын монтаждалған түрде жалған ақпарат ұсынатындар бар.

– Яғни, жоғарыда аталған үгіт-насихат түрінде монтаждалған жалған ақпараттар шет елдердегі теріс ағым ұстанушыларының өздерінің жақтастарын көбейту мақсатында дайындалған болуы мүмкін. Сол себепті осы секілді жалған ақпараттардан аулақ жүріп, жақындарымыз бен бауырларымызды да сақтандырып отырайық.
Егер, дін тақырыбында сіздерді бір сұрақтар мазаласа, тек қалалық немесе жергілікті мешіттерде бекітілген имамдарға немесе теологтарға жүгінсеңіздер болады, – дейді теолог Нұрхан Дюсембаев.

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психолог маманы Нұргүл Аубакированың сөзінше, істі болған азаматтардың жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін оларды діни білімі бар теолог мамандармен осындай кездесулері жиі ұйымдастырылады және мұндай дәріске қатысқан сотталғандар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, үнемі белсенділік танытады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру