Ақтөбеде түзеу мекемесі қызметкерлерінің балалары арасында өткен марафон өз мәресіне жетті
Ақтөбеде түзеу мекемесі қызметкерлерінің балалары арасында өткен «Өнерлі ұрпақ, кемелді келешек» марафоны өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесі қызметкерлерінің балалары арасында қолөнер шеберін анықтауға арналған шығармашылық марафон 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында бастау алған болатын.
Өнерлі балақайлар сынға түскен марафонда мекеме қызметкерлерінің балалары өздері қалаған қолөнер түрлерін дайындап, сайысқа түсті.
Сайыстың қорытындысымен, I-орынды «сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің» бастығы әділет майоры Жұбаныш Алдажаровтың ұлы Айбар иеленді.
II- орынды «мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі» орынбасары әділет майоры Қанат Мақатовтың қызы Айару Мақатова жеңіп алды. Ал, III –орынды «Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің» инспекторы Сандуғаш Шамишеваның қызы Зере Даниярқызы қанжығасына байлады.
Айта кетейік, мекеме қызметкерлерінің балалары арасында шығармашылық марафонын ұйымдастырудағы мақсат – жас балалардың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, шығармашылығын дамыту.
Өз кезегінде, аталған іс-шараны ұйымдастырушылар шығармашылық марафонға белсенді қатысып, шеберліктерін танытқан барлық балаларға алғыс айта отырып, мекеме ұжымы атынан тәтті де, бақытты балалық шақ тілейді.