Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жол – көлік оқиғасы орын алды

Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

05 қазан күні «Самара-Шымкент» тас жолының 965 шақырымындағы  Қарабұтақ кентінің маңында «Лада-21703» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі  қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде көлік құралының жылдамдығын азайту бойынша шаралар қабылдамай, рөлді иегере алмау салдарынан автокөлігімен жолдың сол жағына аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші Әйтекеби ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Тексеру кезінде жүргізушінің көлік  құралдарын басқару құқығы жоқ екені анықталды және оған биылғы жылдың тамыз айында ҚР ӘҚБК-нің 612-бабының 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы)  бойынша  15 айлық есептік көрсеткіш түріндегі айыппұл салынған.

Қазіргі таңда аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 612-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру