Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мәслихат депутаттары Павлодардағы Жедел басқару орталығы жұмысымен танысты

Павлодарда мәслихат депутаттары қаланың Жедел басқару орталығында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығының бастығы Темірбек Шаудыров Зәуреш Мұқашеваны, Қобланбек Қожинді және Сандуғаш Қалижанованы Орталықтың жұмысымен, сондай-ақ, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстарды жедел іздестіру және келіп түскен өтініштерге тез арада жауап беру үшін қолданылатын заманауи жабдықтармен таныстырды.

Темірбек Шаудыровтың айтуынша, ЖБО-ның бейнебақылау жүйесі (қала периметрі бойынша 117-ден астам камера орналасқан) қоғамдық орындарды, сондай-ақ көшелер мен алаңдардағы жағдайды үнемі қадағалап, бейнебақылау операторына қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда жедел хабарлап, көлік құралдарының қозғалысын бақылап, жол ережелері бұзылғанда автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік беріп, үздіксіз бақылап отырады.

Сонымен қатар басшылықтың айтуынша, камералардың болуы халықты тәртіпке шақырады, адамдар қоғамдық орындардың заңдылығы пен тәртіпті сақтауға саналы түрде жақындайтынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру