Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қалтасында есірткісі бар екі тұрғын ұсталды

Ақтөбелік полицейлер қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша қарқынды шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері 04 қазан күні сағат 17.20-да қызмет атқару кезінде Чекалин көшесінде орналасқан КА-168/2 мекемесінің жанында жергілікті екі тұрғынды тоқтатты.

Өткізілген сараптама қорытындысына сәйкес ұсталған азаматтар есірткілік масаң күйде болған, сондай-ақ олардан жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған қағаз орама алынды.

Аталған факт негізінде ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру