Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан жолаушы әйел көз жұмды

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасында әйел адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 маусым сағат 19:20 шамасында Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы, ГМЗ айналма тас жолы бойымен Заречный айналма тас жолы жағынан Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпіріне қарай солға бұрылу маневрін жасау кезінде ГМЗ айналма тас жолы бойымен ГМЗ жағынан Заречный жағына басты жолда келе жатқан ВАЗ 2107 автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ВАЗ 2107 автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

​Сотқа дейінгі тергеп тексеру ісі бойынша жоғарыда аталған дерек бойынша куәгерлермен көрген адамдар келесі телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 қызметтік кабинетіне келу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру