Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арнайы курс: есірткі тарататын қылмыскерлерді қалай ұстайтындығы жайлы

М.Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясында тренинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника бөлімдерінің көмегімен “есірткіге қылмыстарына қарсы күрес жөніндегі мамандарды даярлау” жөніндегі ведомствоаралық орталық негізінде М.Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясында тренинг өткізді.

Тақырыбы: “Есірткі мен прекурсорларды таратуға қатысқан адамдарды ұстау және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу тактикасы”.

– Курс барысында тыңдаушыларға, есірткі заттарын анықтау мен тәркілеудің ерекшеліктері түсіндірілді және көрсетілді. Тренинг екі кезеңде өтті. Біріншісі – есірткіні салоннан және көлік құралдарының жүк салғышынан тікелей анықтау және тәркілеу, екінші кезең – қылмыстың осы түрін анықтауға бағытталған қажетті жедел және процессуалдық құжаттарды дайындау. Тренинг әр тындаушының кәсіби шеберлігін арттыруға, дағдыларды алуға, сондай-ақ әр түрлі жағдайлармен қиындатылған осы оқиғаларда жұмыс істеу ерекшеліктерін түсінуге бағытталған. Тыңдаушылар өздерін өте жақсы көрсетті, білім алуға деген ұмтылысты сезіндірді, қызығушылық бүкіл оқу курсы бойында байқалды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру