Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған қыз зардап шекті

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған қыз зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 маусымда Toyota Alphard автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Хромтау ауданының Дон кенті бағытында, Самара-Шымкент автожолында Дон кентінің маңында жүріп келе жатып, басып озуды бастамас бұрын, сол жолақпен көлік құралының ілеспе бағытында келе жатқан жүргізушінің солға маневр жасау туралы сигнал бермей және жол бергеніне көз жеткізбей Nissan Europe автокөлігімен соқтығысқан.Жол апаты салдарынан Toyota Alphart автокөлігінің үш жолаушысы, оның ішінде төрт жасар қыз Хромтау ауданының ауруханасына жатқызылды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру