Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жұмысқа орналастыруға уәде берген алаяқ қолға түсті

Ақтөбеде вахталық жұмысқа орналастыруға уәде берген алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 22 жастағы жігіт алаяқтық фактісі туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны күдіктімен ортақ танысы таныстырған. Күдікті жәбірленушінің жұмысқа кіре алмай жүргенін біліп, оған мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналасуға көмек ұсынған. Ер адам өз қызметі үшін 300 мың теңге сұраған. Жәбірленуші жігіт күдіктінің шотына ақша аударған.

Бір айға жуық күтіп, жұмысқа да орналаса алмаған, әрі ақшасын да қайтарып ала алмаған жәбірленуші полицияға арызданды. Полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен облыс тұрғынын анықтап, ұстады.

Тергеу жүргізілуде. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру