Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам жол-көлік оқиғасын жасады

Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте сағат алты шамасында кеше “Volkswagen Bora” автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Сәңкібай батыр даңғылымен солға бұрылған кезде тура бағытта келе жатқан қарсы бағытқа жол бермеді және “ВАЗ-2105”-пен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан “ВАЗ-2105” автокөлігінің жолаушысы Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ұсталған азамат бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол-көлік оқиғасына жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жолда өте мұқият болуды, мас күйде рөлге отырмауды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру