Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәртібі жайлы айтты

Алматы облысының полицейлері әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәртібі жайлы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және оның мәнімен келіскен адамға қысқартылған іс жүргізу тәртібімен лауазымды адам құқық бұзушыға қатысты құқық бұзушы тартылатын бап бойынша айыппұл сомасының 50 пайызы мөлшерінде айыппұл түрінде айыппұлды жеті күн мерзімді төлеуді түсіндіре отырып, әкімшілік жаза шығарады. 

– Айыппұлды жеті күн мерзімде төлемеген кезде лауазымды адам құқық бұзушыға қатысты айыппұлды толық көлемде салу туралы қаулы шығарады. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған сәттен бастап 40 күн ішінде айыппұл төленбеген жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 894-бабына сәйкес әкімшілік қаулы құқық бұзушы оны толық орындағанға дейін жұмыс орны бойынша мәжбүрлеп орындатуға не жеке сот орындаушысына жіберіледі, – деп түсіндірді Жамбыл АПБ бастығы Асхат Тегенбаев.

Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл ҚР аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктің кассасында, банк терминалдары арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде төленеді.

– Салынған айыппұлды төлеу және берешекті өтеу туралы толық сенімділік үшін құқық бұзушы түбіртектің түпнұсқасымен әкімшілік практика бөлімшесіне жүгіне алады және берешекті өтегеніне көз жеткізеді, – деп Тегенбаев өз ойын толықтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру