Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы коронавирусқа қарсы екпені ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап ерікті түрде салдыруда.

Алғашқылардың бірі болып халықпен тығыз, әрі тікелей қарым-қатынаста қызмет ететін патрульдік полицейлер мен учаскелік полиция инспекторлары қабылдады.

Полицейлерге екпе егу үшін жалпы тәжірибелі дәрігер, психолог, иммунолог және медбике мамандары жұмыс істеуде. Вакцинаны салмас бұрын медицина мамандары әрбір полиция қызметкерлерінің дене қызуы мен қан қысымын өлшеп, міндетті медициналық тексерістерден өткізді. “Спутник-V” екпесін қабылдауда.

Жуырда ғана “COVID – 2019” індетіне қарсы екпені салдырған Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов өз денсаулық жағдайымен бөлісті:

– Вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайым жақсы. Өзіңді және жақыныңды қауіпті індеттен қорғаудың әзірге жалғыз жолы – вакцина салдыру. Сол себепті өзім екпені қабылдауды шештім. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар департамент қызметкерлерін вакцинамен толық қамтамасыз етіп отыр. Біздің қызметкерлер халықпен тікелей байланыста жұмыс жасайтындықтан, барлық қызметкер екпені саналы түрде қабылдап жатыр, – деп атап өтті Темірбек Асылбекұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру