Ақтөбедегі ҚАЖД психологтары суицидтың алдын алу жолдарын талқылады
Ақтөбеде ҚАЖ психологтары суицид проблемасы және оның алдын алу жолдарын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық-аткару жүйесі саласындағы психолог мамандар облыстық психикалық денсаулық орталығының суицидолог маманы, магистр психолог Жанар Шынтеміровамен кездесті.
“Суицидтің алдын алу шаралары, суицидалды мінезді уақытылы аныктау” тақырыбында өткен дөңгелек үстелде суицидолог маман Жанар Шынтемірова облыстағы суицид жағдайлары және аудандардағы көрсеткіштермен бөлісті.
Облыстық психикалық денсаулық орталығының суицидолог маманы кездесуде сонымен қатар, психикалық ауытқулары бар, яғни нашақорлыққа әуес, ішімдікке тәуелді, құмар ойындарды ойнайтын адамдармен жұмыс жасау әдістерінің қыр-сырларын өз тәжірибесі бойынша мысал келтіре отырып, ортаға салып, қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.