Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында тұрғынның телефонын алаяқтықпен иемденген “бағдарламашы” анықталды

Қарағанды облысында өзін бағдарламашы деп таныстырған алаяқ, қала тұрғынының ұялы телефонын иемденіп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 18 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Бойжеткен, арызында белгісіз бір алаяқтық құрбаны болғаны туралы хабарлаған.
Белгілі болғандай, жәбірленушінің ұялы телефоны бұғатталып қалған. Қаладағы сауда орындарының бірінде ол, белгісіз бір азаматпен танысып, кейінгісі өзін бағдарламашымын деп таныстырып, бұғатталып қалған ұялы телефонды жөндеп беруге келіскен. Сөйтіп, бойжеткен ұялы телефонын жөндеуге тастап, қол ақысы ретінде 5 мың теңге төлеп кеткен.
Арада бірнеше күн өткеннен кейін ұялы телефонды жөндеп беремін деген азамат байланысқа шықпай, жоғалып кеткен. Сол кезде ғана бойжеткен алаяқтың құрбаны болғанын сезіп, полицияға хабарласқан. Келтірілген шығын көлемі 405 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру