Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер елде заңсыз жүрген 5 ауғанстандық азаматты анықтады

Ақтөбелік полицейлер елде заңсыз жүрген 5 ауғанстандық азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақтөбе облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметі департаментімен бірлесіп ел аумағында заңсыз жүрген 5 шетелдікті анықтады.

Ауғанстан Республикасының азаматтары Ақтөбе облысының аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын одан әрі заңсыз кесіп өту үшін транзитпен жүрген.
Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын уақтылы болдырмауға мүмкіндік туды.

Тексеру барысында Ауғанстан Республикасының азаматтары көші-қон заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ұзақ уақыт болғаны және Ақтөбе облысына елдің оңтүстік өңірі арқылы келе жатқаны анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалғаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру