Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері қоғам қайраткерімен кездесті

Қостанай облысының полицейлері қоғам қайраткерімен лудомания мәселесі туралы әңгіме өрбітті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД полицейлері лудомания тақырыбындағы пікірталасқа қатысты. Бұл мәселе туралы қоғам қайраткері Жан Ақжанов мәлім етті. Спикер әлемдік статистика бойынша адамдардың 1,5-2%-ы құмар ойындарына әуес екенін атап өтті.

Адамды сыртқы келбеті арқылы лудоман екенін анықтау мүмкін емес. Айырмашылық бір нәрсе-құмар ойыншы ойын жүйесін жеңе алатынына соңына дейін сенеді, ал қарапайым адам “жеңіл ақшаға” сенбейді.

Бұл мәселе бақылаудың болмауына байланысты туындап отыр. Адам жеңіске жеткенде де, ұтылған кезде де тоқтай алмайды. Сонымен қатар адам ойын туралы ойларға толық беріліп кетеді.

Қазіргі заман үшін бұл күрделі мәселе. Бұл туралы Мемлекет басшысы да айтты. Ол лудоманиямен күресте тәрбие және түсіндіру шараларына ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

Қоғам қайраткерімен кездесу сұрақтармен және тақырыпты талқылаумен аяқталды. Оның аясында тәртіп сақшылары өз сұрақтарына жауап ала алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру