Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында мас ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талабына қарсылық көрсетті

Маңғыстау облысында мас ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талабына қарсылық көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға “Маңғыстау – Атырау” бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Атырау облысының 56 жастағы тұрғыны қоғамдық орында масаң күйінде болып, балағат сөздер айтқан. Пойыз бастығының актісімен ер адам Сай – Өтес станциясында пойыздан түсірілді.

Құқық бұзушыны полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай, қарсылық көрсетті. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталған азаматта “орташа дәрежелі” алкогольдік масаңдық анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің бірден үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу), 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 667-бап (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) және 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ Маңғыстау аудандық сотының шешімімен ұсақ бұзақылық және полицияның заңды талаптарына бағынбағаны үшін жоғарыда аталған азамат 50 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, құқық қорғау органы қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі келтіру – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру