Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер заңсыз айналымнан 5 атыс қаруын тәркіледі

Ақтөбелік полицейлер заңсыз айналымнан 5 атыс қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 16-26 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Үш күн ішінде «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы бойынша заңсыз айналымнан барлығы 5 атыс қаруы, 5 патрон, бір электрошокер тәркіленді.

Полиция қызметкерлері 28 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады: қаруды заңсыз сақтағаны үшін 5; қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін 17; қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін 6.

Мысалы, Мәртөк ауданында шаруа қожалықтарының бірінде тексеру кезінде малшыдан тіркелмеген ИЖ-18, 12 калибрлі тегіс ұңғылы қару тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру