Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер жоғалған жасөспірімді тапты

Ақтөбелік полицейлер жоғалған жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

21 тамызда жергілікті тұрғын 17 жасар ұлының екі күн бұрын белгісіз бағытта велосипедпен үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы өтінішпен жүгінді. Әкесінің айтуынша, жасөспірім телефонын үйде қалдырып кеткен.

Хабар-ошарсыз кеткен кәмелеттік жасқа толмаған баланы іздеуге полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Іздестіру шаралары аясында бала қала орталығынан табылды.

Полицейлер анықтағандай, жасөспірім екі күн бойы қаланы кезіп жүрген. Ол үйден не себепті кеткенін айтпады.

Қазіргі уақытта жасөспірім бала отбасына қайтарылды. Әкесі полиция қызметкерлеріне ұлын табуға көмектескені үшін алғысын білдірді .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру