Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мектепке жол” акциясы: ШҚО полицейлері 14 бүлдіршінді мектепке жинауға көмектесті

ШҚО полицейлері мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 14 бүлдіршінді мектепке жинауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 тамызда бүкіл ел бойынша “Мектепке жол” республикалық акциясы басталды. Бұл акция Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі және жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде халықтың әлеуметтік осал санатындағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

– Әр ауданда ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлері көпбалалы отбасыларға барып, балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыс етті. Ювеналды полиция қызметкерлері акция аясында 66 бала тәрбиелеп отырған 22 отбасына мектепке жиналуға көмектесті, оның ішінде 14 бала қыркүйек айында бірінші сынып табалдырығын аттайды, – деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриев.

Жалпыреспубликалық акция “Мектепке жол – Шексіз мейірім” ұранымен 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру