Ақтөбелік полицейлер «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын өткізді
Ақтөбелік полицейлер 17-18 шілде күндері барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 шілдеде барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталған болатын. Акция барысында ақтөбеліктер Полиция департаменті қызметкерлеріне сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін тікелей жүгіне алады. Пандемияны ескере отырып, полицейлер барлық қажетті карантиндік шараларды сақтай отыра, акция таза ауада өткізілді. Қала тұрғындары алдын ала жазылмай, полицейлерге кеңес беру және құқықтық көмек көрсету үшін, оның ішінде карантин режимін сақтау мәселелері бойынша жолықты. Азаматтар сұрақтарын «Instagram» әлеуметтік желісі «policeaktobe» парақшасы арқылы тікелей эфирде қойды.
Шара аясында Әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметі басқармасы, сондай-ақ қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығы бастығының орынбасары Данияр Сарқұлов Қазақстан аумағына Армениядан әкелінген автокөлікті тіркеу жайында түсіндірді.
– Қазір біз «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізе отырып, Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу үшін көлік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Сонымен қатар, азаматтар 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген сол жақ рөлді басқарудағы көліктерді тіркей алады. Төлемнің жалпы сомасы 11 946 теңгені құрайды, – деді Данияр Сарқұлов.
Жалпы, «Жолда қабылдау» акциясы кезінде тікелей эфирге 250-ден астам азаматтар қатысып, өз сұрақтарына жауап алды, олардың 80% – ы Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу мәселесі қобалжытты, оларға түсініктемелер берілді.
Өңір тұрғындары Армениядан сатып алған және әкелінгер автокөлікті тіркеу, автожолдардың авариялық жағдайы, әкімшілік айыппұлдарды төлеу мәселелері қызықтырды.
Бұдан басқа, Полиция департаментінде тұрақты режимде карантиндік нормаларды бұзу бойынша жедел желі 8 (7132) 936-139 телефоны жұмыс істейді, сондай-ақ Қазақстан азаматтары Армениядан сатып алған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген автокөлікті тіркеу мәселелері бойынша 8 (7132) 525-100 колл-центріне хабарласуға болады.