Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық мұғалім учаскелік полиция инспекторларына алғысын білдірді

Петропавлдық мұғалім “Жолда қабылдау” акциясы кезінде учаскелік полиция инспекторларының жұмысына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел отбасында көп жылдан бері ұлының жаман әдетке бой алдырғанын айтты. Учаскелік инспекторлар Жақсылық Исмақов пен Дәурен Рымбаевтың арқасында жағдайды өзгерту мүмкін болды, қазір оның ересек ұлы ішімдікке құмарлығын қойып, жұмысқа орналасты.

– Мен, олардың өз жұмысын істеп жатқанын түсінемін, бұл жағдайда олар өз міндеттерінен зор іс атқарды. Ана басындағы ауыртпалыққа адамгершілікпен қарауы, күтетін үміттің ақталуы сезіледі. Осындай адамдардың бары қандай қуанышты, кез келген сәтте хабарлассаң олар көмекке келеді, – дейді Любовь Яковенко.


“Жолда қабылдау” акциясы өткен екі күн ішінде полицейлерге 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Олардың басым бөлігі – онлайн-форматта. Өтініштерден байқайтын болсақ, солтүстікқазақстандықтарды мазалайтыны мотоцикл жүргізушілерінің түнгі шулы жүрістері.

– Алдағы демалыс күндері пайдаланушылар атап көрсеткен учаскелерде патрульдеуді күшейтпекшіміз. Мотоцикл жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады, алайда олардың тарапынан тыныштықты бұзу фактілеріне жол берілуде, – деп атап өтті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах.

Петропавл қаласының тұрғындарының бірі тікелей эфир кезінде Брусиловский мен Амангелді көшелерінің қиылысында қосымша жол белгілерін орнатуды сұрады. Осы өтініш бойынша әкімшілік полиция қызметкерлері аталған учаскеге тексеру жүргізбек, оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

– Халықпен кері байланыс – полиция ведомствосының барлық бөліністері үшін маңызды қадам. Полиция жұмысындағы басымдылық барлық хабарламаларға, оның ішінде онлайн-форматта шұғыл әрекет ету болып табылады. Солтүстікқазақстандықтардың құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамай, танытып отырған белсенді азаматтық ұстанымы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстың тиімділігіне септігін тигізеді, – деді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жуырда өткен онлайн-кеңесте.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру