Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғындар жол бойында көмек көрсеткен Ақмола полицейлеріне алғысын білдірді

Ақтөбелік тұрғындар жол бойында көмек көрсеткен Ақмола полицейлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі күн бойы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көктайғақ кезінде жол апатының алдын алу үшін күшейтілген режимде қызмет етті. 18 қараша сағат 03.00-де патрульдеу барысында Ақмола облысы ПД ППБ қызметінің инспекторлары құрамындағы “Тұлпар-2” экипажының қызметкерлері Арман Тәжібаев пен Асылбек Байгарин Екатеринбург – Алматы жолының 983-шақырымында жол бойының қауіпті бұрылысында авариялық жарығы қосылған ГАЗель көлігін байқаған. Полицейлер дереу тоқтап, көліктің дөңгелегі жоқ екенін көрді. Жүргізуші өзімен бірге 3 тонна жүк алып, Ақтөбе қаласынан Астанаға бара жатқанын түсіндірді.

Белгілі болғандай, тоқтаудың себебі дөңгелектен болған. Соның салдарынан көлікті бір жаққа жылжыту мүмкін болмады. Екі күнге жуық бұзылған көлік республикалық маңызы бар автожолдың жүріс бөлігінде тұруға мәжбүр болды және осы уақыт ішінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері сол кезде автомобиль жолында көктайғақ болғанын ескере отырып, қалған көліктерге қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін жақын жерде болды.

Тек екінші күні Ақтөбе қаласынан автокөлік бөлшектері жіберіліп, бұзылу қауіпсіз түрде жойылды, содан кейін межелі жерге дейін қауіпсіз жүру қамтамасыз етілді.

Өз кезегінде ақтөбеліктер полицейлерге қызметте табыс және жеке өмірінде амандық тілеп, болған жағдайда қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

– Аязды күнде мұндай оқиғалар жүргізушілер үшін қиынға соғады. Жақындап келе жатқан суықты ескере отырып, барлық жүргізушіні жолға мұқият дайындалуға шақырамыз. Көлік құралының жақсы күйде екеніне көз жеткізіңіз. Жолда абай болыңыз, полиция мен құтқарушылардың ескертулерін тыңдаңыз, – деп атап өтті ПД ППБ командирінің орынбасары Қанат Біләлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру