Ақтөбелікті тонап кеткен күдікті ұсталды
Ақтөбелікті тонап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өтініш берушінің айтуынша, дүкендердің бірінен несиеге жаңа смартфон алған. Содан дүкеннен сыртқа шыққанда белгісіз адам телефонды көрген сәтте тонап кеткен. Залал сомасы 300 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдікті бұл әрекетін мойындады, смартфонды иемденгеннен кейін оны ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.