Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғындары өз еркімен полицияға 92 қару өткізді

ШҚО тұрғындары өз еркімен полицияға 92 қару өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жалғасуда. Акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қарулы қылмыс жасау қауіпін азайту.

Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға қарудың техникалық жай-күйіне байланысты оның әрбір бірлігі үшін 10-нан 100 АЕК-ге дейін ақшалай төлем көзделген.

ШҚО тұрғындары бұл іс-шараға белсенді түрде қатысуда.

6 мамырда Үржар ауданының 56 жастағы тұрғыны марқұм әкесінен қалған 16 калибрлі ИЖ-К бір ұңғылы аңшылық мылтығын полицияға өз еркімен тапсырған.

Акцияның 19 күнінде азаматтардан 65 өтініш келіп түсті, 92 бірлік атыс қаруы (15 ойық және 75 тегіс ұңғылы қару) және 7-62 калибрлі 370 патрон қабылданды. Бүгінгі таңда бөлінген 10 млн теңгенің 6 млн теңгесі игерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру