Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғындары полицияға 60-тан астам қару тапсырды

Ақтөбе облысының тұрғындары полицияға 60-тан астам қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану қылмыстарының алдын алу мақсатында осы жылғы 25 сәуірден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде.

Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталғаннан бері азаматтар ерікті түрде 62 қаруды тапсырды, оның ішінде 14 ойық, 48 тегіс ұңғылы және 168 дана ойық ұңғылы қаруға оқ-дәрілер.

Естеріңізге сала кетейік, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін, қарудың әрбір бірлігі үшін оның техникалық жай-күйіне байланысты республикалық бюджеттен төлем көзделген. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырудың барлық мәселелері бойынша азаматтар ІІО қызметкерлеріне жүгіне алады.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру