Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жыл басынан бері 36 адам мәжбүрлеп емделуге жіберілді

Петропавлда жыл басынан бері 36 адам мәжбүрлеп емделуге жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғынының 35 жастағы ұлы ащы суды ішіп алып, үйде жанжал шығарған. Осы себептен анасы үйінен бірнеше рет кетіп қалуға мәжбүр болған.

Алкогольдік ішімдіктен бөлек, ер адам есірткі қабылдап, бірнеше рет мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Десе де, әйел полицияға үйден заттар жоғала бастағанда ғана жүгінген. Ер адамның медициналық куәландырудан өтуден жалтаруына қарамастан, учаскелік полиция инспекторы қажетті ресімдер жүргізді.

Жанжалқор есірткіден емдеу ұйымына мәжбүрлеп емделуге жіберілген, алты ай бойы емделген. Алкогольдік және есірткілік тәуелділігі бар адамдарды емделуге жіберу – қылмыстардың, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңызды бөлігі.

– Зорлық-зомбылықпен күресті ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Емделуге мұқтаж жандардың туыстарын емделуге жіберу шешімін ұзаққа созбауға шақырамыз. Тәжірибе көрсеткендей, тәуелді адамдар дерттерінен өз бетімен айыға алмайды. Ертелі-кеш алкоголь мен есірткі адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға әкеледі, – деді Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Жыл басынан Петропавлда полиция қызметкерлері мәжбүрлеп емделуге 36 адамды жіберді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 адамға көп.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру