Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аралда түйені ұрлап, сойып алған екеу ұсталды

Аралда түйені ұрлап, сойып алған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамыр күні Арал ауданының тұрғыны өрісте жайлымда жүрген түйесінің жоғалып кеткендігі туралы арызданған. Жедел-іздестіру шараларының барысында аудандық полицейлермен мал ұрлығын жасаған Арал ауданының екі тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдіктілер кінәсін мойындап, ұрлаған малды сойып, сатып жіберген. Қазіргі таңда олар Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Ұрлық) бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру