Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Артур Ластаев Қарағанды облысының колониясында сотталғандарды жеке мәселелерімен қабылдады

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі уәкілетті тұлға Қарағанды облысының мекемесіне келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адам құқығы жөніндегі уәкілетті тұлға Артур Ластаев іссапармен Қарағанды облысының қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне келді және сотталғандарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Мекемені аралауды қысқа және ұзақ мерзімді кездесулер бөлмелері, жасақтың үй-жайынан бастады және сотталғандарды ұстау жағдайларымен танысты. Сонымен бірге уәкілетті тұлға мекеменің медицина бөлімі, клубы, кітапханасы, астаханасын аралады және сотталғандарды тамақтандыру сапасына назар аударды.

Омбудсмен сонымен бірге мемлекеттік органдарға арыз беруге арналған терминалдардың жарамсыздығына көңіл бөліп, оларды қолайлы пайдаланылуы жөнінде пікір алмасты.

Мекемені аралау кезінде Артур Ластаев Қарағанды облысының сотталғандарымен сұхбаттар өткізіп, жеке мәселелерімен қабылдады. Кездесу аяқталған соң мекеменің штабында облыс бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамымен кеңес өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру