Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыста 500-ден астам қару иесі тексерілді

Арыс ауданында 500-ден астам қару иесі тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ірілі-ұсақты қылмыстардың алдын алып, болдырмауда жүйелі жұмыстар жасап келеді. Оның ішінде қару қолдану арқылы жасалатын қылмыс жайттарын анықтау мақсатында бір ай мерзімге ҚР ІІМ-нің жоспарына сәйкес “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шара барысында арыстық сақшылар аудан көлемінде 511 қару иесін тексерген.

Тексеру барысында 81 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қару сақтау ережесін бұзған үшін 35 адамға ҚР ӘҚБтК 484-бабы бойынша хаттама түзілді. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 486-бабы (Қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзғаны) үшін 39 адамға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру