Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыста бұрын сотты болған қойшы тұрғынның қойын ұрлап кетті

Арыста бұрын сотты болған қойшы тұрғынның қойын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, жайылымдық алқапта жүрген малдарының ішінен бір бас қойын белгісіз адам ұрлап кеткен. Осылайша, оған 50 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, көрген-білген куәгерлерден сұрастырды. Осындай жүргізілген тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде малды ұрлаған жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұдан алдын сотты болған, жәбірленушінің бұрынғы қойшысы болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай, осыдан үш ай алдын күдікті жәбірленушінің малын баққан. Содан соң басқа азаматтың малын бағамын деп ауысып кеткен. Осылайша, жайылымдық жерде біреудің малын бағып жүрген кезінде бұрынғы жұмыс берушісінің бір бас қойын өзінің малына қосып алған. Арада біршама уақыт өткен соң оны сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру