Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер адам саудасының алдын алуға бағытталған мәжіліс өткізді

Арыстық полицейлер адам саудасының алдын алуға бағытталған мәжіліс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы Арыс қаласының әкімшілік ғимаратында мәжіліс болып өтті. Аталған жиынның басты мақсаты – адам саудасының алдын алуға бағытталған. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Талғат Бижанов, қалалық аппарат қызметкерлері және Арыс ауданы полиция қызметкерлері мен мұғалімдер қатысты. Осы жиналыста мамандар адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы жағдаймен таныстырып, өз кеңестерімен бөлісті.

Заңсыз әрекеттің бәрі қылмысқа жетелеуі мүмкін. Ал, адам саудасымен айналысу – мүлдем ақтауға келмейтін дүние. Осы тұста қала әкімінің орынбасары жергілікті тұрғындарға адам саудасы мәселесі жөнінде хабар беріліп отыратындығын атап өтті. Сондай-ақ адам саудасына қарсы күресте ұйымдастырылған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне жұмылдырылған барлық тараптар өз деңгейінде қызмет атқаратынын айтты.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері ескертеді. Егер де сіз, адам саудасына қатысты қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, қандай-да бір ақпарат білсеңіз, “102” телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз. Оған қоса, полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру