Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер екпе салдырды

Арыстық полицейлер коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта, коронавирус инфекциясын жұқтырған қазақстандықтардың саны артуда. Осы ретте елімізде қауіпті індеттің көзін жою үшін карантин режимі қатандатылып, әртүрлі сақтық шаралары жасалып жатыр.

Арыс АПБ қызметкерлері ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруда. Екпені алғашқылардың бірі болып АПБ бастығы Н.Исабеков және оның орынбасарлары қабылдады.

Сондай-ақ, халықпен жиі қарым-қатынаста болатын патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары және ювенальды полиция инспекторлары мен өзге де құрылым қызметкерлері емханада екпе қабылдады. Олар халықпен тікелей жұмыс істегендіктен вакцина салдыруға өз еріктерімен келген.

Тәртіп сақшыларына препаратты қабылдамас бұрын талаптары мен нұсқаулықтар түсіндірілді.

Дәрігерлердің айтуынша, ең бастысы, екпені салдырғаннан кейін адам міндетті түрде үш күн бойы суға түспей, жылы жүруі керек. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында ауыр көтеруге болмайды.

Айта өтейік, егу науқанында вакциналаудан өткен қызметкерлердің бүгінде жағдайы жақсы. Сонымен қатар басқа да полицейлердің вакциналаудан өтуі жоспарланған. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицейлердің екпені дер кезінде қабылдауы да маңызды болмақ. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Ескерте кететін жайт, вакциналау жұмыстары ерікті негізде жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру