Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІО ардагерінің жесірі Алматы полицейлеріне құнды кітаптарды сыйға тартты

ІІО ардагерінің жесірі Алматы полицейлеріне құнды кітаптарды сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу аудандық Полиция басқармасының жедел-криминалистік бөлімінің қызметкерлері ҚР ІІМ сарапшы криминалистің жесіріне барды.

– Григорьев Сергей Анатольевич, 1 тамыз 1955 жылы туған, ішкі істер органдары жүйесінде көптеген жылдар бойы сарапшы-криминалист болып жұмыс істеді. Мен әрдайым бірге өмір сүрген жылдарымызды жылулықпен еске аламын. Сергей Анатольевич әрдайым криминалистердің қылмысты ашуда үлкен рөл атқаратындығын айтатын. Сарапшының жұмысы – жауапты, оларды ғылыми қызметкерлерге жатқызуға болады. Бүгін мен марқұм күйеуімнің әріптестеріне, жас сарапшы-криминалистерге осы қызмет туралы кітаптар мен оқулықтарды сыйлағым келеді, сонда бұл әдебиеттер қылмыстық тергеу барысында қылмыстарды ашуда тамаша компас болады, – Екатерина Германовна.

Сергей Анатольевич Торғай облысында сарапшы-криминалист қызметін атқарды, содан кейін оны Алматыға жұмысқа жіберді, сол кездегі Октябрьский, қазіргі Жетісу аудандық полициясында қызмет етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру