Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық учаскелік полицейлер тұрғынның жоғалған сиырларын тауып берді

Арыстық учаскелік полицейлер тұрғынның жоғалған сиырларын тауып, алғыс алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы өз аумағында тұратын жергілікті тұрғын хабарласты. Ер адамның айтуынша, оның аулада тұрған үш бас сиыры сыртқа шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған. Өздігінен үш күн бойы іздегенмен, іздеуі сәтсіз аяқталған. Болмағасын, өздеріне жақсы таныс учаскелік полиция инспекторынан көмек сұрайды. Аталған хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы бірден іске кірісті. Тағы екі әріптесімен бірлесіп, жан-жақты іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Үйме-үй сұрастырып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде сиырлардың тұрған орны анықталды. Учаскелік полиция инспекторларының кәсіби шеберлігі, қырағылығы, осы аумақты жақсы білетіндігі арқасында ірі қара малдар, өзге тұрғынның қорасынан табылды.

Белгілі болғандай, ауылдасы қараусыз жүрген сиырларды иесі іздеп келер деп қорасына қамаған. Осылайша сиырлар иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде Талғат Айлабеков полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізді.

– Өзім табамын ғой деп едім, алайда үш күн уақытым кетті. Ал полицейлер екі сағат ішінде үш бас ірі қара малымды тауып, өзіме қайтарды. Үлкен рақмет учаскелік полиция инспекторларына, жұмыстары алға баса берсін!, – деді тұрғын алғысын білдіріп.

Түркістан облысының полицейлер тұрғындарға малдарын қараусыз қалдырмауды, қора жайларын мықтылап бектуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру