Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада 37 келі гашиштің ірі партиясы тәркіленді

Елордада 37 келі гашиштің ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы елдің оңтүстік өңірінен әкелінген гашишті сатумен айналысатын қылмыстық топты әшкерледі.

Гашишты өткізу кезінде арнайы операция жүргізу барысында қылмыстық топты ұйымдастырушыларының бірі ұсталды. №оның көлігін тінту кезінде 8 келі 700 грамм гашиш алынды. Содан кейін есірткінің ірі партияларын жеткізумен айналысатын топтың тағы екі мүшесі анықталды. Олардың біреуінің пәтеріндегі балконнан тағы бір килограмм гашиш, электронды таразы және есірткіні жинауға арналған басқа құрылғылар табылды. Тінту кезінде қылмыстық топтың үшінші айыпталушысы – басшысының көлігінен 26 килограмнан астам есірткі заты тәркіленді.

Одан әрі жедел әрекеттер кезінде полицейлер жерлестік қағидаты бойынша өзара байланысты бес есірткі қылмысын анықтады. Олардың үшеуі оңтүстік өңірден есірткі жеткізушілер гашишті әкеліп, сенімді адамдар арқылы елордада өткізген.

Тікелей сатумен айналысатын топтың екі мүшесінен шамамен 200 грамм гашиш табылды.

Сонымен қатар, ұсталғандардың екі көлігі мен ұялы телефондары тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 37 келі құрады.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, бұл операция қала прокуратурасының үйлестіруімен ІІМ арнайы бөлімшесінің күштерін жұмылдыру арқылы жүргізілді.

Қылмыстық топтың барлық қатысушылары қамауға алынды. Оларға қатысты аса ірі көлемде есірткіні өткізу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Гашиштің мұндай көлемінің заңсыз айналымы аса ауыр қылмыстарға жатады және мүлкін тәркілей отырып, 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру