Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер жыл басынан бері 500-ден астам киік мүйізін тәркіледі

Атыраулық полицейлер жыл басынан бері 500-ден астам киік мүйізін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы көлемінде 1-31 желтоқсан аралығында жойылып бара жатқан киіктерді атудың жолын кесу, олардың өнімдерін заңсыз дайындау, сату, сатып алу және оларды елімізден тыс жерге шығарумен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған “Киік” кең ауқымды акциясы өткізілуде.

– Жыл басынан бері атыраулық полицейлермен облыс көлемінде басқа да табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар барысында 42 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабымен (Аң аулау қағидаларын бұзу) – 35 хаттама толтырылды. Құқық бұзушылардан тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қарулары және 500-ден астам киік мүйізі тәркіленді. Барлығы ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тиым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) – 12 қылмыстық іс қозғалып, 7 қылмыстық іс сотқа жолданды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру