Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арзан бағада автобөлшектер сатып, СҚО тұрғындарын алдаған алматылық ұсталды

Солтүстікқазақстандық полицейлер интернет-алаяқтың сегіз эпизодын жасады деген күдікпен Алматы қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Қаскөй “құрал” ретінде белгілі жарнама хабарландырулардың сайтын пайдаланған. Ол қымбат көліктерге арналған қосалқы бөлшектерді төмен бағамен ұсынып, азаматтарды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

(Интернет-алаяқ | 0:39 – 3:11)

Петропавл қаласының Полиция басқармасына интернет-алаяқтық фактісі бойынша бірден бірнеше арыз келіп түсті. Белгісіз ер адам астаналық сатушымын деп өзін таныстырып, “OLX” сайты арқылы шетелдік көліктің қосалқы бөлшектерін ұсынған. Қызығушылық танытқан адамдардан алдын ала төлем алған соң, ол бірден жалтарып, байланысқа шықпай қойған. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы алматылықты ұстады.

– Алаяқтар интернет желісінде автокөліктер, олардың қосалқы бөлшектерін сату туралы хабарландырулар қояды. Кейін бағаларын арзандатады. Оны көрген адамдар сатушымен келісіп, ақшаларын жіберіп отырған. Күдікті келіп түскен ақшаны өзінің атына емес, басқа біреудің атына тіркелген картаға жібертіп отырған. Осылайша адамдарды алдап, қаражатты өз қажетіне жұмсаған, – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Данияр Ғалиақпаров.

Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

Жеті айда Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері 637 хабарландыруды тексеріп, оның 61-і сайттардың әкімшісі арқылы бұғатталды. Жыл басынан бері облыста 300-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру