Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Астана полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен Түркістан облысының тумасын анықтады. Елорда тұрғыны Бөгенбай батыр даңғылындағы кафеден белгісіз біреудің ақша мен азық-түлік ұрлағаны туралы полицияға арызбен жүгінген.

Тергеу барысында күдікті түнгі сағат 02:00 шамасында пластикалық терезені бұзу арқылы кафеге кіріп, кассадан 45 мың теңге және кофе, шай, т.б. өнімдерді ұрлағаны анықталды.

Осы факті бойынша полицейлер бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы ер адамды анықтады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі уақытта ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру