Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны ашық қалған көліктен бағалы телефонды қолды қылған

Автокөліктерді ұрлаудың алдын алу, жолын кесу, ұрлау және ашу бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында 21-23 мамыр аралығында Астана қаласында “Автокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер көлік жуу орындарында, техникалық қызмет көрсету бекеттерінде, көлік дөңгелегі бекеттерінде рейд жүргізіп, автобөлшектерді бөлшектеу пункттері мен автокөлік бөлшектерін сататын орындарды тексеруде.

Жедел шара барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 41 жастағы қала тұрғынын ұстады. Анықталғандай, түнде Сарайшық көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан ер адам ашық тұрған Peugeot 508 көлігін тауып алған. Көлікке отырып, құны 350 мың теңге тұратын iPhone 6 телефонын ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру