Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны ойын-сауық мекемесінің ресепшінінен телефон ұрлап кеткен

Астана тұрғыны ойын-сауық мекемесінің ресепшінінен телефон ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Самал ықшам ауданындағы астаналық кинотеатрлардың бірінің әкімшісі телефонының жоғалғаны туралы полицияға арызданған.

Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефон ұрлады деген күдікпен елорда тұрғынын анықтады. Ол бұрын сотты болған 30 жастағы ер адам болып шықты.

Кешкі сағат 23:50 шамасында жас жігіт кинотеатр бөлмесінде жүргенде көрнекті жерде басқа біреудің ұялы телефонының тұрғанын байқаған. Алдымен оның әрекетін көрген куәгерлердің жоқтығына көз жеткізіп, ресепшнге жақындап, құны шамамен 420 мың теңге тұратын IРhone 11 телефонын алып кеткен. Күдікті ұрланған затты Артем сауда үйінің аумағында сатпақ болған, бірақ оны жедел қызметкерлер әшкерелеген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оның елорда аумағында басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру