Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада 500 мың теңгелік велосипедті ұрлаған күдікті полицейлердің қолына түсті

Астана қаласында бөтеннің мүлкін заңсыз иемденді деген күдікпен әйел адам ұсталды. Оқиға қалалық спорт кешендерінің бірінің аумағында болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында белгісіз әйелдің спорт кешенінен шығып, велотұрақта тұрған қара түсті Vigo велосипедті заңсыз иеленіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталды.

Жәбірленушінің арызынан кейін Астана қаласы полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 500 мың теңгені құрайды.

Полиция азаматтарды жеке мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Велосипедтерді қараусыз қалдырмай, арнайы құлыптау құрылғыларын пайдалану, оларды мүмкіндігінше бейнебақылау камералары орнатылған орындарға қою ұсынылады. Сонымен қатар велосипедтің сериялық нөмірін, маркасын, ерекше белгілерін алдын ала жазып алып, фотосуреттерін сақтап қойған жөн. Бұл ұрлық фактісі орын алған жағдайда мүлікті іздестіру жұмыстарын едәуір жеңілдетеді және жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру