Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада 568 заңсыз граффити жойылды

Астанада 568 заңсыз граффити жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғимараттардың сыртқы көріністері, қабырғалар мен қалалық инфрақұрылымның өзге де нысандары елорданың келбетін қалыптастырады. Алайда заңсыз жазулар мен суреттер қаланың сыртқы көрінісін бұзып, оларды жоюға қосымша уақыт пен күш жұмсауды талап етеді.

Астанада полиция қызметкерлері ғимараттар мен қалалық инфрақұрылымның басқа да нысандарына граффити салу фактілерін анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Бүгінгі таңда осындай 592 факт анықталып, оның 568-і бойынша жазулар боялып, жойылды. Қала нысандарының бастапқы келбетін қалпына келтіру және мұндай заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар қалалық ортаның жай-күйіне жауапкершілікпен қарау әр адамның қоғамдық кеңістікке деген жеке көзқарасынан басталатынын түсіну маңызды. Ғимараттардың қабырғалары, аялдамалар мен инфрақұрылымның басқа да элементтері — рұқсатсыз жазулар мен суреттер салатын орын емес.

Полиция тиісті рұқсатсыз граффити салу заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді. Сақшылар елорда тұрғындары мен қонақтарын қала мүлкіне ұқыпты қарауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру